Домой Қоғам ОҚО ОҚО-дан Астанаға қарай ауыл шаруашылығы керуені жол тартты

ОҚО-дан Астанаға қарай ауыл шаруашылығы керуені жол тартты

ОҚО-дан Астанаға қарай ауыл шаруашылығы керуені жол тартты

0055Оңтүстік Қазақстан облысының Елордасы – Астанадағы күндері аясында облыстық өнеркәсіп өндірушілердің көрмесі мен ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі. Осыған орай, өңірден Бас қалаға 300 тоннадан астам ауыл шаруашылығы өнімдері тиелген керуен жолға шықты. Мерейтойға тарту ретінде оңтүстікқазақстандық диқандар өз өнімдерін нарықтағы бағадан 15-20 пайызға арзан саудаламақ.

Сонымен, жалпы көлемі 304 тонна болатын өнімдердің құрамында 60 тонна ет және ет өнімдері, 126 тонна көкөніс, 29 тонна жеміс-жидек, 7 тн сүт өнімдері, 5 тн шұбат, 25 мың дана жұмыртқа, 40 тн бақша өнімдері, 7 тн балық, 7 тн бал, 3 тн өсімдік майы мен 5 тн кептірілген жеміс 15 тн басқа да өнімдер бар.

Мұндағы ауыл шаруашылық өнімдерінің жалпы құны 100,8 млн.теңгені құрайды. Елордада «Хан Шатыр» сауда-ойын-сауық орталығы маңында 15-16 қазан күндері өтетін ауыл шаруашылығы жәрмеңкесіне 50-ден астам Оңтүстік өңірдің тауар өндірушілері  сапалы әрі балғын өнімдерін тұрғындарға ұсынбақ.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here