Домой Қоғам Астана Астанада конькимен жүгірушілер арасында жарыс өтіп жатыр

Астанада конькимен жүгірушілер арасында жарыс өтіп жатыр

Астанада конькимен жүгірушілер арасында жарыс өтіп жатыр

c-2«Алау» мұзайдыны сарайында конькимен жүгіруден ел Кубогы өтіп жатыр. Бұл турнир спортшылар үшін маусымның ресми ашылуы деп саналады және 26-28 қазанда өтетін Қазақстан чемпионатына дайындық кезеңі болып табылады. Біріншілікте ел құрамасына кіретін және Әлем кубогына қатысатын спортшылар анықталады, деп жазады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Жарыстың алғашқы күні елордалық спортшылар үш алтын мен бір қола медаль еншіледі. Надежда Сидельник 500 метр қашықтықта топ жарса, 3 км жүгіруде «қола» олжалады.

Ерлер арасындағы командалық жарыста астаналық спортшылар Дмитрий Морозов, Демьян Гаврилов, Артур Галиев топ жарды. Әйелдер арасындағы спринтте де елордалықтар көш бастады. Мұнда Надежда Сидельник, Маргарита Артемьева, Екатерина Брынза жеңіске жетті.

Чемпионат 14 қазанға дейін жалғасады, бүгін қатысушылар үш, ертең екі қашықтықта сайысқа түседі.

— 2011 жылдан бері елордада конькимен жүгіру спорты белсенді дамып келеді. Спортшыларымыз жақсы нәтижелер көрсетуде. Өткен спартакиадада екінші орын алдық. Бүгін әр түрлі жастағы конькимен жүгірушілер жарысып жатыр. Біздің командадағы ең үлкен спортшы 20 жаста. Әлі де медаль аламыз және спортшыларымыз Әлем кубогында өнер көрсетеді деп үміттенемін, — дейді Астана қаласының конькимен жүгіру спортынан бас жаттықтырушы Владимир Костин.

Айта кетейік, конькимен жүгіру спортынан Әлем кубогының үшінші кезеңі 2-4 желтоқсанда Астанада өтеді.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here