Мектепке дейінгі білім беру жүйесінің жаңартылған мазмұнын іске асыру аясында балаларды тәрбиелеу, дамыту және оқыту бойынша озат тәжірибені анықтау және оны тарату мақсатында биылғы қазан айында «Үздік мектепке дейінгі ұйым» республикалық байқауы өткізілмек, деп жазады ҚР БҒМ баспасөз қызметі.
Конкурсқа мемлекеттік аттестаттаудан өтіп, заң бұзушылықтарға жол бермеген, байқаудың аймақтық кезеңінен өткен, меншік түрі мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, барлық түр және типтегі мектепке дейінгі ұйымдар қатыса алады.
Конкурстың қорытындылары «Мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығының www.rc-dd.kz сайтында жарияланады.