Домой Жаңалықтар Білім VIII Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция «Білім берудегі өзгерістер аясын кеңейту: апробация мен тарату»

VIII Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция «Білім берудегі өзгерістер аясын кеңейту: апробация мен тарату»

VIII Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция «Білім берудегі өзгерістер аясын кеңейту: апробация мен тарату»

24135566ae99336d51ac2d2a304b4e63_crop_l_-3_t_32_w_738_h_415_resize_w_878_h_2016 жылы 27-28 қазан күндері «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы «Астана қаласындағы Халықаралық мектеп» филиалының негізінде «Білім берудегі өзгерістер аясын кеңейту: апробация мен тарату» атты VIII Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясын өткізуді жоспарлауда.

Конференцияның мақсаты — мұғалімдер, зерттеушілер, әлеумет пен Қазақстанның білім беру саласына позитивті тәжірибені бейімдеу мен тарату саясатын әзірлеушілер арасында ұтымды диалог құру. Конференцияға 700-ден астам адам қатыспақ.

Конференция жұмысына білім беру саласында саясат тарату және реформалауда елеулі тәжірибесі әрі озық идеялары бар сарапшылардың қатысуы жоспарлануда.

Пленарлық отырыстың бірі Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына арналады. Онда қазақстандық білім беру жүйесінің дамуына қатысты сұрақтар турасында білім беру саласының халықаралық және отандық мамандары ретроспективті талқылаулар жүргізетін болады.

Конференция жұмысы нәтижелері бойынша үздік болып танылған қатысушылар баяндамалары электрондық мақалалар жинағына шығарылады.

Шара аясында өткізілетін білім беру ресурстары көрмесінде қатысушыларының назарына отандық және шетелдік баспалардың және ұйымдардың үздік өнімдері ұсынылатын болады.

Конференция туралы толық ақпаратпен http://conferences.nis.edu.kz конференция сайтына өту арқылы немесе conference@nis.edu.kz электрондық поштасына хат жіберу арқылы танысуға болады.

edu.gov.kz

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here