Жыл басынан бері 623 түлек жастар тәжірибесіне жіберілді. Бұл туралы Астана қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.
Жастар тәжірибесі — оқу орындарының түлектері алған мамандықтары бойынша бастапқы тәжірибе жинауы үшін орындалатын, төленетін еңбек қызметінің түрі. Оған қатысу ұзақтығы — 6 айға дейін, жалақысы айына 45 800 теңгені құрайды. Тәжірибе меншік түріне қарамастан жұмыс берушілерде ұйымдастырылады.
Сондай-ақ, жыл басынан бері мүмкіндігі шектеулі 16 адамға әлеуметтік жұмыс орындары (жұмыс беруші халықты жұмыспен қамту орталығымен келісімшарт негізінде жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін олардың жалақысын субсидиялаумен құратын жұмыс орны) берілді.