Домой Қоғам Алматы Алматы облысының 50 мемлекеттік қызметкері Әдеп кодексін бұзғаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылды

Алматы облысының 50 мемлекеттік қызметкері Әдеп кодексін бұзғаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылды

Алматы облысының 50 мемлекеттік қызметкері Әдеп кодексін бұзғаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылды

%d1%84%d0%be%d1%82%d0%beӘдеп жөніндегі кеңес өз қызметі барысында  заңдылық, жан-жақтылық пен әділдік, әдептілік, қоғамдық пікір мен жариялылықты ескеру, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шараларын қолдану қағидаттарын басшылыққа алады. Алматы облысындағы Әдеп жөніндегі кеңес те осы міндеттер аясында жұмыс істеп келеді, деп хабарлайды Алматы облысының өңірлік коммуникциялар қызметі.

Ағымдағы жылдың 9 айында Әдеп жөніндегі кеңестің 9 отырысы өткізіліп, онда 121 мәселе қаралған. Оның ішіндегі басым көпшілігі, яғни 104-і тәртіптік іс.

Әдеп жөніндегі кеңестің ұсынысы бойынша тәртіптік жауапкершілікке 70 мемлекеттік қызметші тартылса, оның ішіндегі 50-і – Әдеп кодексін бұзғаны үшін, ал 20-сы мемлекеттік қызметке кір келтіретін теріс әрекеті үшін жазаланды. Бұл туралы Алматы облысының өңірлік коммуникциялар қызметінде өткен брифингте ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының басшысы Ұлан Қалжанов айтып өтті.

Сонымен қатар, аталған департамент өкілдері биылғы 9 ай ішінде мемлекеттік қызмет саласындағы заңнаманың сақталуы мен мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдепті сақтауы бойынша 42 тексеріс жүргізген. Нәтижесінде 492 бұзушылық анықталып, мемлекеттік органдарға заң бұзушылықты жою туралы 19 ұсыныс енгізілген. Сол ұсыныстарды қарау барысында 20 мемлекеттік қызметші әр түрлі тәртіптік жауапкершілікке тартылған.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here