ASTRA Plat электронды жүйесінің II кезеңі іске қосылды. Көліктік карталар арқылы қаланың Express маршруттарында жолақысын төлеу ыңғайлы бола түсті.
ASTRA Plat жүйесі Астананың зияткерлік көлік жүйесінің жаңа бөлімі. Бұл дегеніңіз қаладағы қоғамдық көліктердің қызмет көрсету сапасын арттырып, ішкі бизнес дамудың алғы шарты болып саналады. Әлемдік тәжірибеге сүйенсек, 2-3 жыл көлемінде аталмыш жоба толықтай іске асады.
Бүгінгі таңда Астанада 35 автобус тәжірибелі түрде заманауи техноогиямен жабдықталып, қазан айының ортасынан бастап, 4 Express-маршрутқа енгізілді. Олар: № 101, 102, 103 және 105. Әр автобуста электронды төлемдер қабылдайтын валидаторлар орнатылған.
ASTRA Plat электронды жүйесінің жұмысын бақылап көру үшін жолаушылар, ASTRA Plat карталарын сатып алулары қажет. Аталмыш картаның 3 түрі бар. Олар: қаражат толтырылатын, мектеп оқушарына арналған және жеңідіктері бар карталар. Байланс мөлшері жол жүру санымен тең келеді. Қаражат толтырылатын карта құны – 400 теңге. Мектеп оқушылары мен жеңілдіктері бар карталар тиесілі қала тұрғындарына тегін таратылады. Ал үйреншікті қолма-қол төлем мен қағаз билеттер әзірге әлі де айналымда. ASTRA
Plat жүйесінің ІІ кезеңі енгізілгеннен кейін де, Express-маршруттарда жолақы өзгермейді. Ересектерге 150 тг, балаларға 70 тг. Тарифтік жоспар бойынша, 10 рет жол жүруге арналған төлем құйылғаннан кейін, 11-ші мәрте тегін қатынау мүмкіндігі ұсынылады. Ал 60 минут ішінде Express маршруттан Express маршрутқа отырсаңыз, сапарыңызды тегін жалғастыра аласыз. Жеңілдіктерге ие болған, Астанада тіркелген жолаушылар тегін жол жүру құқығына ие болды.
Көліктік карталарды арнайы кассаларда және сауда үйлері мен аялдамалар жанында орналасқан RTVM автоматтарынан сатып алуға болады. Өзге де сатылым нүктелерін alrt.kz сайтынан және ASTRA Bus қосымшасынан қарап білуге болады.
Электронды төлем жасау үшін автобусқа мінгеннен кейін көліктік картаны жүргізуші жанындағы валидаторға тигізу керек. Төлем 0,1 секундта қабылданады.
ASTRA Plat ұсынатын ең негізгі мүмкіндік маршруттардың қозғалыс кезіндегі уақыт аралығын бақылау және қоғамдық көліктердің жылдамдықты арттырмауын қадағалау, одан бөлек аялдамаларда тоқтау ұзақтығы да есепке алынады. Сондай-ақ, жаңа жүйенің іске асуы кезінде тәртіп және жол сақшылары жиі арнайы тексеріс-бақылау жұмыстарын жүргізіп отырады. Аталмыш жүйе толығымен жүзеге асып болғаннан кейін, 4-кезеңі де қолданысқа енгеннен кейін әдеттегі қалыптасқан қолма-қол төлем жасаудан және зейнеткерлер мен жеңілдіктері бар тұлғалар қағаз құжаттарын көрсетуден, QR коды бар бір рет пайдалануға арналған қағаз билеттерден құтылуға болады.
Тағы бір айта кететін жәйіт, Астанада аталмыш жобаның ІІІ кезеңін жүзеге асыру көзделіп отыр. Ол кезде ASTRA Plat көліктік картасын қала ішіндегі қоғамдық көліктерде қолдануға болады. Қалалық автобустарды жаңа технологиямен жабдықтау бірте-бірте жүзеге асады. Қазірдің өзінде №10 маршрутта бұл жүйе іске қосылған.
Естеріңізге сала кетейік, ASTRA Plat төлемдерді электронды жүйемен орындаудың алғашқы кезеңі ағымдағы жылдың 30-шілдесінде басталған болатын. Астанаға іргелес аймақ 4 бөлімді құрайды. Тарифтер саны 84-тен 5-ке дейін қысқарды. Қалаға іргелес жатқан елді-мекендерге қатынау құны 50 теңгеге, кейбір аудандарда 120 тгңгеге төмендеді. Ал жеңілдіктер қарастырылған азаматтар қоғамдық көліктерде тегін жол жүру құқығына ие болды.