2017-2022 жылдар аралығында Астана қаласында апатты үйлерді бұзу бойынша пилоттық жобаны іске асыру шеңберінде 635 мың м2 тұрғын үй пайдалануға беріледі, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі. Бұл — 10 000-нан астам пәтер.
Апатты үйлердің иелерін көшіру үшінтапсырылатын үйлердің жалпы көлемінен ауданы 63мың м2 болатын 1 386 пәтерді ақысыз негізде коммуналдық меншікке өткізу жоспарланған. Еркін нарықта ауданы 408 мың м2 болатын 8 010 пәтерді сату есебінен пилоттық жобаны қайта инвестициялау жоспарланып отыр.
Бұл туралы бүгін Астана қаласының әкімі Әсет Исекешевтің тұрғын үй құрылысын дамыту мәселесі бойынша құрылыс компанияларымен кездесуі барысында белгілі болды.
Анықтама үшін:
2017 жылдың соңына дейін елорданың тұрғын үй басқармасы апатты және ескі үйлерді бұзу бойынша пилоттық жобаны іске асыру шеңберінде 111 үй құрылысын бұзуды жоспарлап отыр.
2013 жылдан 2017 жылға дейін салынған мерзімі 1940 — 1970 жылдар аралығына жататын, негізгі құрылыс конструкциялары мен инженерлік желілерінің тозу пайызы жоғары 228 апатты үй құрылысын (3 367 пәтер) бұзу жоспарланған. Бұл — онда тұрып жатқан адамдардың өміріне және денсаулығына қауіп төндіретін үйлер.
Бүгінгі күні 117 апатты үйдің (1 555 пәтер) тұрғындары жайлы пәтерлерге көшірілді.
Қалған 111 апатты үйдің тұрғындары жоспарлы көшіру мерзімдері туралы ақпараттандырылды, оларды көшіру жұмыстары 2017 жылдың соңына дейін жүргізіледі.
«19 жыл ішінде Астанада 17 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Үстіміздегі жылы біз тағы 2 миллион м2 астам баспананы тапсыруды жоспарлап отырмыз. Тұрғын үй құрылысы көлемінің жыл сайынғы өсім қарқыны Мемлекет басшысы халықты тұрғын үймен қамту бойынша берген тапсырмалардың шеңберінде мемлекеттік қолдау бағдарламаларын іске асырудың арқасында сақталып отыр. Біз әлемнің жаһандық қалаларының даму тәжірибесін зерттеп, алдағы перспективаларының және негізінен қаланың бағдарламалық құжатында іске асыру жолдарының кешенді көрінісі әзірленді. Қаланың келешектегі дамуы экологиялық таза технологияларды және қоғамдық кеңістіктерді үйлесімді абаттандыруды өзара байланыстыру арқылы қарастырылуда», — деп атап көрсетті Астана әкімі Әсет Исекешев.