«Жайна-Астана» қоғамдық бірлестігі елорда әкімдігінің және Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің қолдауымен «Шетелдік ҮЕҰ түрлі бағыттарда дамыту тәжірибесі және оларды Қазақстанда қолдану» тақырыбында дөңгелек үстел отырысын өткізді, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.
Отырыс жұмысына елшіліктердің өкілдері, шетелдік қорлар мен бірлестіктердің басшылары, парламент депутаттары, Астана қ. Қоғамдық бірлестіктерінің жетекшілері қатысты.
Дөңгелек үстел басында көтерілген мәселе азаматтық қоғамның демократиялық басқару негізіне көшуіне қатысты болды.
«Бұл ҮЕҰ өзара байланыс орнатып, заманға сай деңгейде дамып, дау-дамайсыз, заңды негізде, парламенттің жұмыс топтарында өз көзқарастарын, ұсыныстарын білдіре алуы үшін қажет», — деп есептейді «Жайна-Астана» ҚҚ төрағасы Мұхтар Еркетаев.
Қарапайым адам мен мемлекет арасындағы байланыстырушы буын болып табылатын үкіметтік емес ұйымдар бүгінде қоғамның өзекті мәселелері мен проблемаларын көтеріп, шешіп отыр. Бұған әлеуметтік кәсіпкерлікке негізделіп құрылған «Greental» қоғамдық қорының жұмысы дәлел бола алады. Оның басшысы Эмин Аскеров тал бұтақтарынан вазалар, себеттер, құмыралар тоқу шеберханасын ашып, мүмкіндігі шектеулі жандарға табыс табуға көмектесіп отыр. Ұйымдастырушылар қазақстандық ҮЕҰ өздерінде енгізу үшін шет мемлекеттердің тәжірибесін зерттеуге тиіс деген сенімде.