Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығында Астанада 46 балабақша іске қосылды, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.
Ильинка тұрғын алабында 240 орынға есептелген №92 «Жауқазын» балабақшасының құрылысы аяқталды. Жалпы ауданы- 5 мың шаршы метрге жуық.Екі қабатты ғимарат мемлекеттік тілде білім алатын 12 топқа есептелген. Балаларды қабылдау 2017 жылдың 1 қаңтарында басталады.
Елордада мектепке дейінгі мекемелердің жетспеушілігі проблемасы жаңа балабақшаларды пайдалануға беру, соның ішінде МЖС арқылы шешіледі. Үстіміздегі жылы 46 балабақша ашылды. Соның ішінде – 8859 орынға есептелген 44 жеке меншік (онда мемлекеттік тапсырыс енгізілген) жəне бюджет есебінен 440 орындық 2 балабақша ашылды.
Бұған қоса, МЖС аясында 2480 орындық 10 балабақшаның құрылысы басталды. Ал «Бизнестің жол картасы» бағдарламасы шеңберінде балабақша ашу бойынша 31 жобаға қолдау көрсетілді, соның ішінде бесеуі биыл салынды.
2017 жылдың бірінші жартыжылдығында 480 орындық 2 балабақша ашылмақ.
Анықтама:
Қазіргі кезде Астанада түрлі типтегі 261 мектепке дейінгі мекеме жұмыс істеуде, оған 48 мың 154 бала барады.
Соның ішінде 95 мемлекеттік, 2 ведомстволық, 116 жеке меншік, 48 шағын орталық. Астанадағы 0-ден 6 жасқа дейінгі балалар саны – 87 947. 3-тен 6 жасқа дейінгі 25 550 бала кезекте тұр.