Домой Қоғам Алматы 25 күй күмбірі

25 күй күмбірі

%d1%84%d0%be%d1%82%d0%be2Алматы облысының орталығы – Талдықорған қаласындағы «Мирас» мейрамханасында облыстық ішкі саясат басқармасы мен өңірлік коммуникациялар қызметінің мұрындық болуымен осындай атпен үлкен мәдени шара болып өтті.

…Мейрамхана есігіне кіре берісте батырлардың киімін киген екі жігіт. Ғимарат іші күй әуендерімен тербетіліп тұрғандай. Қонақжай дастарқан үсті бауырсақ, қымыз, құрт-ірімшік сынды ұлттық тағамдарға толы. Сахнадағы лэд-экран арқылы «Күй» туралы  проморолик көрсетіліп тұрды.

Қазақ халқының баға жетпес, біздің заманымызға дейін сақталып қалған асыл мұрасы – күй өнері мен киелі домбырамыздың абыройын асқақтатар «25 күй күмбірі» мерекелік шарасының тізгінін «Қазақстан» ұлттық телеарнасының жүргізушісі Маралбек Сағынғанов ұстаған болатын.

Домбырадай мұраны,

Қастерлеуге тұрады.

Сонда жатыр даланың,

Үні менен ұраны, — деп басталған кеш бастан-аяқ әдемі де әсерлі өтті.

Алматы облыстық «Көркем-ай» балалар тобының орындауындағы «Домбыра» әнін де меймандар жылы қабылдады.

Тарт күйіңді, домбыра!

Төгіл, төгіл тәтгі күй,

Тау суындай сылдыра,

Желпін, желпін жел соқтыр!

Тауда тұман тұрмасын,

Көкте бұлт ыдыра!

Тыңдамаған қоймасын,

Ойды-қырды қыдыра,

Құлшына тарт, домбыра!, — демекші, ендігі кезек «Күйтартысқа» берілді. Күйшілер Ботагөз Дүнгенбаева  мен Айбол Құдайбергеновтер «Қарқара» күйін, Бауыржан Қанабекұлы «Төремұрат», Базаргүл Шәріпова «Жұртта қалған», Алма Кішікбаева «Науысқы»,  Бақберген Асқарбеков «Аққу» сынды елге белгілі күйлерді орындап, көрермендерді бір серпілтіп тастады. Сондай-ақ, бұл шараға Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары да қатысып, ыстық ықыласқа бөленді. Байсейітов атындағы Талдықорған қаласының саз колледжі Асылбек Гүлiм, Елтай Әдiлбек, Ахметбеков Райымбек, Ерболат Аян, Төлеуғалиева Айтбикелер орындаған шығармалар да талай жүректерді тербеді.

АҒА, ОРТА және ЖАС БУЫН өкілдері қатысқан күйтартыста жүлдесіз қалған адам болған жоқ, қатысушылардың бәріне бағалы сыйлықтар табысталды. Ұлттық салт-дәстүрімізді паш ететін викториналық қызықты сауалдарға жауап берген көрермен-тыңдармандар да сый-сияпатқа ие болды.

Шараның мақсаты дәстүрлі күй және жыраулық өнердің мәртебесін арттырып, ұрпақ санасына сіңіру, ұлттық өнерге деген мақтаныш сезімін ұштау, жас ұрпақты Отаншылдыққа, бірлікке, ынтымаққа тәрбиелеу болатын. «25 күй күмбірі» осы үдеден шықты деп ойлаймыз.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here