Домой Қоғам Ақтөбе 700 ақтөбелік мерейтойлық төсбелгімен марапатталды

700 ақтөбелік мерейтойлық төсбелгімен марапатталды

700 ақтөбелік мерейтойлық төсбелгімен марапатталды
????????????????????????????????????

Тәуелсіздік жылдары Ақтөбе облысында 113 мектеп, 487 балабақша, 700 спорт ғимараты мен 122 медицина мекемесі салынды. Ал, 55 мыңнан астам адам баспаналы болды. Бұл туралы бүгін «Қоныс» спорт сарайында өткен мерекелік салтанатта айтылды.
Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған салтанатты жиын кезінде ел дамуына үлес қосқан ақтөбеліктер марапатталды. 90 адам облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың қолынан Президент жарлығымен тағайындалған мемлекеттік наградаларды алды. 16 адам Құрмет грамотасымен, 3 адам ІІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» орденімен, жалпы 700 ақтөбелік мерейтойлық төсбелгімен марапатталды. Барлығы да өз ісінің білгірі.

Марапатталғандар қатарында қазақ әдебиеті мен баспасөзінде сәулелі із қалдырған, еңбек еткен «Шамшырақ-Ақтөбе» ЖШС директоры, ақын, көсемсөзші Мейірхан Ақдәулетұлы да бар. Оған «Құрмет» ордені табысталды.
— Тәуелсіздік — қазақ ұлты үшін теңдесі жоқ мереке. Біз 25 жылда адам айтқысыз үлкен, ұлы өткелдерден өтіп, бұрын бодан болған халық қазір кез келген елдің, кез келген ұлттың өкілімен терезесі тең дәрежеде жасқанбай сөйлесе алатын болдық. Ұрпағы біздерден де бақытты болып қазақтардың, солай өмір сүре берсін. Бүкіл халық осыған тілектес деп ойлаймын, — деді М.Ақдәулетұлы.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here