Бүгін Астанадағы «Қазақстан» концерт залында «Мәңгілік ел — болашақтың біртұтас ұлты» деген айдармен патриоттар форумы өтіп жатыр.
Форум жұмысына Қазақстанның барлық өңірінен 2 мыңнан астам делегат келді. Олар өз істерінің нағыз шеберлері: дәрігерлер, мұғалімдер, өнеркәсіп, ауылшаруышылық саласының мамандары, табысты кәсіпкерлер, ғалымдар, жастар көшбасшылары, қоғам қайраткерлері, спортшылар, дарынды актерлар, мәдениет қайраткерлері.
Айта кетейік, Патриоттар форумы 2007 жылдан бері еліміздің әр өңірінде өткізіліп келеді. Биылғы форум Елбасының «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясына арналып отыр.
Форум барысында «Жыл патриоты» байқауының үздіктері анықталады. Жеті номинацияы бойынша жүргізілетін байқау барысында батылдығымен, ерлігімен, тапқырлығымен, отанына деген сүйіспеншілігімен көзге түскен патриоттар марапатталады.
Сонымен қатар, аталған форум кезінде ҚХА-ның «Үлкен мемлекет — үлкен отбасы» жалпыұлттық жобасы бастау алады.