Моңғолияда тұратын қандасымыз Жанарбек Ақыбиұлының бастамасымен Қазақ хандығының 550 жылдығына орай Моңғолия қазақтары 550 тауды бағындырды.
Белгілі альпинист, халықаралық дәрежедегі спорт шеберінің бастамасы бүгінде бүкіл әлемдегі қазақтардың қызу қолдауына ие болды. Көктемнен бері жүздеген адам өздерінің еліндегі ең биік тауларға шығып, фотосуреттерін әлеуметтік желіде арнайы ашылған парақшаға салды.
Жанарбек Ақыбиұлы тәжірбиелі альпинист. Дүниежүзіндегі ең биік шыңдарды бағындырып жүрген белгілі cпорт шебері. Ол Моңғолиядағы ең биік тау — Бесбоғда шыңында 60 рет болып қайтыпты.