Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойы аясында Тараз қаласында байкерлердің мотошеруі өтті.
Негізі байкерлердің мотошеруі тамыз айының соңында Алматы қаласында бастау алған еді. Аталмыш бастаманы жүзеге асырып жүрген «Қазақстан географиялық қоғамының» президенті, әлемге танымал саяхатшы Д.И. Петрухин.
Байкерлердің мотошеруі бір айдан астам уақыт ішінде Астана, Қарағанды, Өскемен, Семей, Павлодар, Көкшетау, Қостанай, Ақтөбе, Арал, Байқоңыр, Қызылорда, Түркістан, Шымкент секілді қалаларда Қазақ хандығының 550 жылдығын насихаттап шықты.
Мотошерушілер облыс, қала, аудан әкімдеріне Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған логотип бейнеленген туды табыстап, кездесулер өткізді. Байкерлер 7 қазан күні Тараз қаласына келіп жетті. Ұлы тойды насихаттап жүрген шерушілерді қала қонақтары жылы қарсы алып, құрмет көрсетті.