Домой Жаңалықтар Қоғам Талдықорғанда қоғамдық көліктерге электронды билет жүйесін енгізу мәселелері талқыланды

Талдықорғанда қоғамдық көліктерге электронды билет жүйесін енгізу мәселелері талқыланды

Талдықорғанда қоғамдық көліктерге электронды билет жүйесін енгізу мәселелері талқыланды

Талдықорғанда қоғамдық көліктерге электронды билет жүйесін енгізу мәселелері талқыландыҚоғамдық көліктерге электронды билет жүйесін енгізу туралы Талдықорған қаласының әкімі жолаушылар тасымалы кәсіпорындарының басшыларымен жиналыста талқылады.

Талдықорған қаласының әкімі Ермек Алпысов жолаушылар тасымалы кәсіпорындарының басшыларымен жиналыс өткізді.

Кездесу барысында сала бойынша бірқатар мәселелер, оның ішінде қоғамдық көлік қызметінің сапасы, көліктердің жағдайы мен саланы ары қарай дамыту талқыланды.

Қала басшысы жиналыстың басында маршруттық автобустардың жұмысындағы бірқатар  кемшіліктерді атап өтті. Мысалы,  170 автобустың 90 кондукторы ғана бар. Сондай-ақ жолаушыларға билеттер берілмеген, бұндай бұзушылық 50 автобуста орын алған. Сонымен бірге қоғамдық көліктердің санитарлық жағдайы да  сөз болды.

Қала әкімі бұл жолаушылар тасымалы кәсіпорындарының басты мәселелері болып табылатынын атап өтіп, тез арада автопаркті тәртіпке келтіруді тапсырды. Ермек Алпысов автобустарда орнатылған ақпараттық тақтайшаларды да айтып өтті. Инспекцияның хабарлауынша, олардың бірқатарында ақпарат мемлекеттік тілде жазылмаған, бұл заңнамаға қайшы болып келеді. Әкім жоғарыда аталған олқылықтар 25 қазанға дейін жойылып, автобустардың қыс мезгіліне дайын болу қажеттігін ескертті.

Көптеген кемшіліктермен бірге қала басшысы жетістіктерді де айтып өтті. Көптеген кәсіпорындарда автобус паркі жаңартылып, қызмет көрсету сапасы жақсарған. Сонымен бірге әкім электронды билет жүйесін енгізуді ұсынды.  Әкімнің бұл ұсынысын жолаушылар тасымалы кәсіпорындарының басшылары қолдады. Сөз соңында қала әкімі Жолаушылар тасымалдау басқармасы орталығының директорына бұл мәселені жан-жақты зерделеп, ұсыныс енгізуді тапсырды.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here