Домой Жаңалықтар Қоғам Экстремалды журналистика бойынша семинарға БАҚ өкілдері қатысты

Экстремалды журналистика бойынша семинарға БАҚ өкілдері қатысты

Экстремалды журналистика бойынша семинарға БАҚ өкілдері қатысты
Экстремалды журналистика бойынша семинарға БАҚ өкілдері қатысты
журналистика

Алматы облысындағы Тұйық су аңғарында өтіп жатқан «Әскери дискурс-3» экстремалды журналистика бойынша семинарға қатысушылар нағыз таулы жағдайларда дайындықтан өтті.

Жетекші республикалық басылымдардың тілшілері ҚР ҚМ АОСК-ның тәжірибелі әскери нұсқаушы альпинистерінің басшылық етуімен шамамен 2 600 метр биіктікке тауға көтерілді. Олардың ішіндегі ең мықтылары жартасқа өрмелеудің бастапқы дағдыларын үйренді, ілме жүйесі және сақтандыру арқанының көмегімен тігінен тауға шықты.

Естеріңізге сала кетейік, үшінші семинардың ерекшелігі таулы жағдайларда экстремалды журналистика мен альпинизмге арналған. «Журналистерді альпинистік дайындаумен біз алғаш рет шұғылданып отырмыз. Маған барлықтарың шымыр, белсенді екендіктерін өте ұнайды. Әскери қызметшілерден журналистердің басты айырмашылығы, олар өте көп сөйлейді, оларға барлығы қызықты. Бұл дұрыс та шығар, себебі, мұның барлығы қалай өтіп жатқанын көрермен мен тыңдаушыға дұрыс жеткізу қажет. Біз ұдайы негізде әскерилерді дайындаймыз»,- деді ҚР ҚМ АОСК-ның таулы дайындық жөніндегі команда бастығы аға лейтенант Мақсұт Жұмаев.

Тәжірибелі әскери нұсқаушылар «әскери шиеленіс» аймақтарына шығуға журналистерді дайындау бойынша іс-шараларды өткізеді, экстремалды таулы жағдайларда аман қалу және жұмыс жасау негіздеріне оқытып-үйретеді. Қазақстанның түкпір-түкіпірінен жиналған журналистер мен блогерлер Іле Алатауының бөктерінде орын тепкен «Тұйық су» альпинистік базасында үш күн бойы болады.

baq.kz

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here