Домой Жаңалықтар Әлем 29 қазан — Дүниежүзілік инсультке қарсы күрес күні

29 қазан — Дүниежүзілік инсультке қарсы күрес күні

29 қазан — Дүниежүзілік инсультке қарсы күрес күні

29 қазан - Дүниежүзілік инсультке қарсы күрес күні29 қазан — Дүниежүзілік инсультке қарсы күрес күні (World Stroke Day). Бұл күн аталмыш ауру түріне қарсы жедел белсенді іс-шараларға шақыру күні ретінде 2006  жылы Дүниежүзілік инсультке қарсы ұйымның (World Stroke Organization, WSO) мұрындық болуымен бекітілген болатын. Бүгінгі таңда инсульт ғаламдық эпидемия. 

Инсульт — бастың қан айналым жүйесінің жедел бұзылысы. Оның нәтижесінде бас миының әртүрлі бөлімдерінің қызметі бұзылады.

Инсульттің негізгі себебі — миға қан алып келетін тамырларының зақымдануы, көп жағдайда қан тамыр жүйесінің атеросклероздық және гипертониялық бұзылыстармен қатар жүреді.

Инсульттің геморрагиялық түрі — миға немесе оның қабықтарына қан құйылу және ишемиялық  түрі – мидың инфаркті болады.

Басқа қан құйылу себебі көбіне — қан қысымының көтерілуі, яғни қан тамырларының жарылуынан болады. Бас миының инфаркті қан тамыры бүтін күйінде де бола береді. Атеросклероздық табақшалармен қан тамырларының бітеліп қалуы қан қысымы төмендеп кеткен жағдайда да болады.

Инсульттің тағы бір негізгі себебі — қан тамырларының тромбоэмболия салдарынан бітеліп қалуы. Көбінесе бұл жүрек инфарктін алған адамдарда, жыпылықтаушы аритмияда, ревматикалық жүрек ақауларында, туы біткен жүрек кемістігінде байқалады. Көп жағдайда бас миының инфаркті қан қысымы жоғары жағдайда болады. Бас миының инсульті тез дамиды -бірнеше минуттан бірнеше сағатқа дейін, кейде бір-екі күнге дейін созылуы мүмкін.

Инсульттің жиі кездесетін белгілері: қозғалу бұзылысы — әлсіздік, қолда, бетте, ауырлық сезімі; сезімталдықтың бұзылысы — бетте, қолда, аяқта, шынтақта көбінесе бір жағынан көп кездеседі; сөйлеудің бұзылысы — сөздерді айтуға қиналады, анық айта алмайды, афазия, дизартрия. 
Сонымен қатар көру бұзылысы, теңселу, айналу, жүрістің тұрақсыздығы байқалады.

Инсульт бар деген күдік туған жағдайда, науқас дәрігерге қаралғанға дейін өз жағдайын бағалай алады.

Инсульттің негізгі қауіп факторлары: артериялық гипертензия, яғни жоғары қан қысымы; шылым шегу; жүрек аурулары; қант диабеті; май алмасуының бұзылысы. Алкогольді ішімдіктерге әуестік, ауыз арқылы қабылданатын контрацевтивтер қолдану, артериялық гипертензия.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here