Қазанның соңғы жексенбісі әлеуметтік қорғау саласы қызметкерлерінің күні.
Бұл күн 2011-ші жылдан бастап тойланады. Әлеуметтік саланың әлеуетін арттыруға үлес қосып келе жатқан жетісулықтар да кәсіби мерекесін салтанатты жағдайда атап өтті. Мәдениет сарайында өткен жиында сала үздіктеріне сый-сияпат жасалып, қошамет көрсетілді.
Қай елде, қай қоғамда болмасын қамқорлыққа мұқтаж жандар болады. Олар жалғызілікті қарттар, мүгедектер, әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылары. Осы әлжуаз топқа ең бірінші болып қолұшын беретін, мұң-мұқтажын бөлісетін-әлеуметтік сала қызметкерлері. Сала мамандарының айтуынша, тағдыр тауқыметін тартқан жандар бірінші кезекте өздерінен жан жылуы мен мейірімділікті күтеді. Сондықтан, әрбір қызметкер үлкен жүректі, мейірбан болғаны жөн.
Асыл Бүркітбаева, Алматы облыстық оңалту орталығының кадр жөніндегі инспекторы:
— Біздің атқарып отырған жұмысымыз оңай деп айта алмаймын. 1 жастан 18 жасқа дейінгі балаларға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетеміз.Жалпы әлеуметтік саланың жұмысы оңай жұмыс емес. Біздің жұмыс көзге көрінбейті шығар. Бірақ, атқарып отырған жұмысымыз өте ауқымды.
Осы жылдың өзінде Алматы облысында 100 мыңға жуық адамға 1 млрд 200 млн теңгенің әлеуметтік көмегі көрсетілген. Жәрдемақы төлеуден бастап, тұрмыстық коммуналдық жеңілдіктер, мүгедектерді оңалту шаралары, оларға қажеттті құралдармен қаматамасыз ету, санаторлық емдеу жұмыстары бір сәтке де тоқтап көрген емес. Әлеуметтік салаға бөлінетін қаржы көлемі жылдан-жылға ұлғайып келеді. Биыл бұл көрсеткіш 8 млрд 600 млнға жеткен.
Бақытжан Жексенбаева, «Қамқор» балалар үйінің тәрбиешісі:
— «Қамқор» балалар үйінде 20 жылдан бері тәрбиеші болып жұмыс істеймін. Бізге ата-аналар балаларын әкелгенде олар өздігінен ештеңе істей алмайтын жағдайда келеді. Себебі, ол балалардың ақыл есінің дамуында ауытқу бар. Шыдамдылық, мейірімділік керек олармен жұмыс істеу үшін. сонда жұмыстың нәтижесі де болады.
Мүмкіндігі шектеулі жандарман тікелей байланыста болатын мамандардың жұмысы қандай құрметке болсын лайық. Бірқатарына әлеуметтік еңбек саласының үздігі төсбелгісі және құрмет граммоталары мен алғыс хаттар, бағалы сыйлықтар табысталды. Жиын соңы мерекелік концерттік бағдарламаға ұласты.
http://zhetysutv.kz/