Домой Жаңалықтар Қоғам Облыс әкімі телеарна тілшілерін құттықтады

Облыс әкімі телеарна тілшілерін құттықтады

Облыс әкімі телеарна тілшілерін құттықтады

Облыс әкімі телеарна тілшілерін құттықтадыҚазан айында еліміздегі көшбастар телеарналардың бірі — «Хабар» агенттігінің құрылғанына -20 жыл толды.

«1995- жылы Қазақстанның ақпарат кеңістігінде алғаш ашылған телеарнаны көрермен қауым  тәуелсіздіктің алғашқы қарлығашы сынды қабылдады.  «Хабар» агенттігі — қашан да салмақты тақырыптарда салиқалы ой айтатын айтулы арна». Бүгін аталған мерейтойға орай, телеарнаның Алматы облысындағы тілшілер қосыны шығармашылық ұжымымен кездескен өңір әкімі Амандық Баталов осылай деді. Мерейтоймен құттықтап,  құрмет-қошемет көрсетті. Тәуелсіз еліміздің, оның ішінде Жетісу өңірінің әлеуметтік-экономикалық тұрғыда тұрақты дамуына ақпараттық тұрғыда үлкен үлес қосып жатқандықтарына алғыс айтты.

Агенттіктің Алматы облысы бойынша меншікті тілшілері Тілеуқабыл Мыңжасар мен Әділхан Сахариевтерге көп алдында «Алғыс хат» табыс етті. Тілеуқабыл Мыңжасар қазақ телевизиясында 40 жыл еңбек еткен азамат. Соңғы 17 -жылда тұрақты түрде «Хабар» агенттігінің Алматы облысындағы меншікті тілшісі қызметін атқарып келеді. Амандық Ғаббасұлы әйгілі тілшіге ел атынан алғыс айтып, шапан жапты.

Айта кетелік,  «Хабар» агенттігі бүгінде еліміздегі ең үздік телеарна. Елдегі » Хабар»,»24 кз», «Қазақ ТВ», Білім және мәдениет» арналарын тоғыстырған үлкен ұжым. 20 дан аса алыс-жақын шет елде және республиканың 14 облысында тілшілер қосыны, Астана мен Алматы қалаларында бюросы бар.

zhetysutv.kz

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here