Домой Жаңалықтар Қоғам Биші фонтан іске қосылды

Биші фонтан іске қосылды

Биші фонтан іске қосылды

Биші фонтан іске қосылдыТалдықорғанда жаңадан жасалып жатқан «Жастар» саябағының ішінде теңдесі жоқ, заман талабына сай жасалып жарықтандырылған музыкалық биші фонтан іске қосылды, деп хабарлайды jas.kz порталы.

Субұрқақтан көтерілген судың биіктігі 12 метрді құрайды.

Естеріңізге сала кетейік, Талдықорған қаласының Бас жоспарына сәйкес, Жетісудың орталығында ең үлкен, болашақта тұрғындардың сүйікті демалыс орнына айналатын «Жастар» саябағының құрылысы жүріп жатыр.

Тәуелсіз еліміздің көк туы да осында желбірейтін болады. Сонымен қатар саябақ аумағында этноауылдар бой түзейді. Ашық алаңға амфитеатр орнатылып, облыстағы ірі мәдени-көпшілік шаралар, концерттік бағдарламалар да осы жерде өтпек.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here