Домой Жаңалықтар Қоғам Студент құрылыс жасағының І — еңбек маусымы ашылды

Студент құрылыс жасағының І — еңбек маусымы ашылды

Студент құрылыс жасағының І — еңбек маусымы ашылды

Студент құрылыс жасағының І - еңбек маусымы ашылдыБүгін студенттік құрылыс жасақтарының І — еңбек маусымының ашылу салтанаты болды. Жастарды еңбекқорлық пен отансүйгіштікке тәрбиелейтін жоба Алматы облысында тамыз айында басталған болатын.

Бүгінгі күнге дейін 104 жасты жұмыспен қамтыды. Олар жаңадан салынып жатқан Жастар саябағының құрылысына үлестерін қосты. Қатарында Талдықорған қалалық политехникалық колледжінің студенттері де бар. Осыған орай Жастар қоғамдық бірлестігі мен техникалық колледж жастарға арнап салтанатты кешті ұйымдастырыпты. Шара барысында белсінді жас құрылысшылардың бірқатары қоғамдық бірлестік атынан алғыс хат, мақтау қағаздарымен, бағалы сыйлықтармен марапатталды. Мерекелік концерт те ұсынылды.

80 жылдық тарихы бар Талдықорған политехникалық колледжінің техникалық мамандықтарының таныстырылымы  болды. Жаз айларында құрылыс жасағы демалыстағы студенттерді жұмыспен қамтыса, қазір жұмыссыз жүрген қала жастарына қолдау көрсетуде.   Енді қараша айында тағы 24 жасты қабылдау жоспарланып отыр.

zhetysutv.kz

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here