Домой Жаңалықтар Қоғам Тоғыз айдағы даму деңгейі қорытындыланды

Тоғыз айдағы даму деңгейі қорытындыланды

Тоғыз айдағы даму деңгейі қорытындыланды

Тоғыз айдағы даму деңгейі қорытындыландыКеше Алматы облысының әкімі Амандық Баталовтың төрағалығымен облыстық әкімдіктің отырысы өтті. Онда өңірдің 9 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі мен IV тоқсанға арналған міндеттер, сонымен қатар барлық деңгейдегі әкімдердің есеп беру кездесулерінде айтылған ұсыныс-ескертпелер бойынша дайындалған іс-шаралар жоспарының орындалу барысы қаралды.

Бірінші мәселе бойынша облыс әкімінің бірінші орынбасары Махаббат Бигелдиев баяндама жасады.

Баяндамашының айтуынша, ауыл шаруашылығында жалпы өнім 3,2% өсіммен 316,6 млрд. теңгені құрады. Үстіміздегі жылдың 26 қазанындағы жағдай бойынша 438,1 мың га дәнді масақты дақылдар жиналды немесе егістік көлемнің — 97,5% (449,4 мың га), жалпы түсім 1 млн. 118 мың тоннаны құрады. 85,5% жүгері, 92,5% күріш, 70% май дақылдары, 37,5% қант қызылшасы жиналды. Ал өнеркәсіп өнімі өндірісінде бірқатар аудандарда төмендеу байқалғанын да атап өтті.

«Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау және даму бірыңғай бағдарламасын жүзеге асыру аясында, жыл басынан бері жалпы 10,3 млрд. теңге сомасына 134 жоба мемлекеттік қолдаумен қамтылды. Индустриялдық инфрақұрылымды тарту бойынша 1,4 млрд. теңге сомасында 9 жоба жүзеге асырылуда. Жүзеге асырылған шаралар нәтижесінде 284 жұмыс орны құрылып, 1 848 жұмыс орны сақталған.

Туризм саласында көрсетілген ақылы туристік-сауықтыру қызметтерінің көлемі өткен жылдың осы кезеңіне қарағанда 14,9% өсіп, 3,5 млрд. теңгені құрады.

Сонымен қатар баяндамашы Индустрияландыру картасы, «Сыбаға», «Ырыс», «Құлан» т.б. мемлекеттік бағдарламалардың орындалу барысындағы елеулі кемшіліктерге тоқталып өтті.

Облыс әкімі А. Баталов Қаратал ауданының әкімі Қ. Бисембаев пен Сарқан ауданының әкімі Е. Қошанбековтен, ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы С. Бекішов пен энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы Б.Тәнекеновтен өз аумақтары мен өз салаларында орын алып отырған олқылықтардың себебін және оны шешу жолдарын сұрап, бірқатар сын-ескертпелерін айтты.

Инвестиция тартып, өнеркәсіп алаңдарын құруға, іске қосылған жылыжай, көкөніс сақтау қоймалары, мал бордақылау алаңдары секілді нысандарды толық жүктемемен қамтамасыз етуге аудан, қала әкімдері жауапты екенін жеткізді. Мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылуына да әрбір басшы дербес жауап беретіні де ескертілді.

— Жалпы, өткен тоғыз айдың қорытындысы жаман емес. Бірақ, ет, сүт, жеміс-көкөніс өнімдері импортының өсуіне жол бермей, өзіміздің сауда сөрелерінде, Алматы секілді үлкен тұтыну нарығында өнімдерімізді көбейтуіміз керек. Шағын және орта бизнесті дамытуға, инвестиция тартуға ерекше назар аударыңыздар, — деді облыс басшысы А. Баталов.

Жиында, сондай-ақ, қысқы жылыту маусымында оқыс жағдайлардың болуына жол бермеу, отын қорын жасақтау, маусымды оңды өткізу шараларын пысықтау да сөз болды.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here