Домой Жаңалықтар Қоғам Қарашеңгел ауылында жаңа мешіт ашылды

Қарашеңгел ауылында жаңа мешіт ашылды

Қарашеңгел ауылында жаңа мешіт ашылды
Қарашеңгел ауылында жаңа мешіт ашылды
Қарашеңгел ауылында

Бүгін, қасиетті Жұма күні Қаратал ауданына қарасты Қарашеңгел ауылында сәні мен сәулеті жарасқан жаңа мешіт ашылды. Бұрын-соңды бұл елді-мекенде Аллаға құлшылық ететін орын болмаған. Қарашеңгелдіктер жұма намазын оқуға 10 шақырым жердегі көрші ауылға баратын.

250-дей ғана тұрғыны бар аядай Қарашеңгел ауылының тұрғындары үшін бұл үлкен қуаныш. Осылайша ауданындағы мешіттер саны 13-ке жетті. Имандылық үйі ауылдан шыққан демеуші азаматтар — Бауыржан Ахметов пен Жайлау Власовтардың бастамасымен салынды. Құрлысы басталғаннан бері қолданысқа берілуін қарашеңгелдіктер асыға күткен болатын.

Имандылықтың қара шаңырағы — мешіттің ашылуында сөз алғандар Жаратқанға сансыз мадақ айтты. Иманды ұрпақ көбейсін деген тілектерін білдірді. Елді Алланың ақ жолына шақырып, тек ізгі амал жасауға үндеді. Сонымен қатар, мешітті салған азаматтар тарапынан Алла үйінің бой көтеруіне қолғабыс еткен жандарға сый-құрмет көрсетіліп, мешіттің лентасы салтанатты жағдайда қиылды.

Мұсылман қауым мешіт ішіне кіріп, сәлем намазын оқыды. Аллаға құлшылық етіп, дұға-тілек тіледі. Бұл ғибадатхана 100 шақты адамға лайықталып салынған. Ас беретін арнайы орын да бар. Жалпы, мешіт салу — Ислам дінінде сауапты істердің ең абзалы саналады.

Имандылық үйінің ашылу салтанатын әуезді әндер әрлеп, ауыл жұртының қуанышын еселей түсті. Аядай елді-мекенге зәулім мешіт салып берген қос азаматқа қарашеңгелдіктер шексіз алғысын білдіре келе, ат мінгізіп, арқасына шапан жапты.

zhetysutv.kz

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here