Панфилов ауданында көшелер жөнделіп жатыр. Биыл аудан бойынша 47 көшеге жөндеу жұмыстары жүргізілген. Мердігер компаниялар жұмыста тың технологияларды, сапалы материалдарды қолдануда.
Құрылысшылар жолдың ескі қабатын қырып алып, бетон араластырылған асфальт төсеп жатыр. Құрылысқа жауапты мамандардың айтуынша бұл жолдың төзімділігін арттырып, оның жарылмауына сеп. Биыл аудан орталығында 10 көше орташа, 14-і ағымдағы жөндеуден өткен. Бұл жұмыстарға облыстық бюджеттен 684 миллион теңге қаржы бөлінді.
Жол жөндеу жұмыстарына 100 шақты адам жұмылдырылған. Олардың 25 жергілікті тұрғын. Қала бойынша жол жөндеу жұмыстары қараша айының соңына дейін аяқталады.