Домой Жаңалықтар Әлем Торғай даласындағы тылсым өрнектер бүкіл әлемнің назарын аударды

Торғай даласындағы тылсым өрнектер бүкіл әлемнің назарын аударды

Торғай даласындағы тылсым өрнектер бүкіл әлемнің назарын аударды
Торғай даласындағы тылсым өрнектер бүкіл әлемнің назарын аударды
тылсым өрнектер

Тағы да бүкіл әлемнің назары қазақ даласына ауды. Бұл жолы жаһанның қызығушылығын тудырған дүние Торғай өлкесінен табылған тылсым өрнектер болып отыр.

Таяуда АҚШ-тың НАСА ғарыш агенттігі жерге ойылып салынған аталған геометриялық денелердің фотосуреттерін жариялады.

Негізі бұл өрнектерді алғаш рет 2007 жылы Қостанай тұрғыны Дмитрий Дей кездейсоқ тауып алған еді. Ол пирамидалар туралы фильм көріп, Google Earth бағдарламасы ар­қылы өз қа­ласының маңынан сондай тарихи жәді­герлерді іздеген. Нәтижесінде, Торғай дала­сын­дағы түсініксіз суреттердің үстінен түсті.

Бүгінде Turgay Discovery жобасының жетекшісі Д.Дей осы салаға біржола бет бұрған. Оның айтуынша, қазірге дейін 260 геоглиф табылған екен. Олардың арасында темір дәуіріне және ғұн-сармат кезеңіне тиесілі өрнектер де бар. Ал ең ежелгілері болып саналатын алып шаршы мен айқыш осыдан 8 мың жыл бұрын пайда болған.

Қазіргі таңда Торғайдағы тылсым өрнектер — әлемнің көптеген ірі оқу орындарында жиі талқыланатын тақырыптардың бірі. Бірнеше футбол алаңының аумағын алып жатқан геоглифтер ор, қорған және дуалдар кешенінен құралған. Кейбір зерттеушілер оларды Күннің қозғалысын тәулік бойы бақылау үшін салынған деп жорамалдап отыр.

baq.kz

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here