Домой Жаңалықтар Қоғам Облыстың әлеуметтік саласының жай-күйін баяндап берді

Облыстың әлеуметтік саласының жай-күйін баяндап берді

0
Облыстың әлеуметтік саласының жай-күйін баяндап берді

Облыстың әлеуметтік саласының жай-күйін баяндап бердіБүгін Талдықорғандағы Журналистер үйінде ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің Алматы облысындағы бөлімшесі облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Қаныбек Айтжановтың қатысуымен журналистерге арнап брифинг өткізді.

Спикердің айтуынша, биылғы жылы әлеуметтік салаға 8,6 млрд. теңге бөлініп, бүгінгі күнге оның 6,2 млрд. теңгесі игерілген. «Жұмыспен қамтудың жол картасы — 2020» мемлекеттік бағдарламасының бірінші бағыты бойынша жол, ауыз су сияқты инфрақұрылымдық 49 жобаны іске асыру көзделген, бүгінгі күні соның 25-інің жөндеу жұмыстары аяқтаған. Осы жобалар негізінде 715 адам жұмыспен қамтылып, соның 54 % жұмыспен қамту орталықтары арқылы жұмысқа орналастырылған. Екінші бағыт бойынша жыл басынан бері 609 адамға 1339,2 млн. теңге шағын несиелер беріліп, бұл, әсіресе, ауылдық жерлерде тұратын азаматтар үшін өзінің тиімділігін көрсетіп отыр.

Сол сияқты әлеуметтік жұмыс орындары құрылып, жастар практикасын ұйымдастыру жұмыстары өз деңгейінде жүргізілуде. Басқарма басшысы Қ. Айтжанов Еңбекшіқазақ ауданында іске асырыла бастаған «Өрлеу» қанатқақты жобасы, мүгедек жандар мен қарттарға көрсетілетін қолдаудар туралы да кеңінен баяндап, журналистердің әлеуметтік салаға қатысты сауалдарына жауап берді.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here