Домой Жаңалықтар Қоғам Облыстың ауыл шаруашылығына инвестиция салуға чехиялықтар ниет білдірді

Облыстың ауыл шаруашылығына инвестиция салуға чехиялықтар ниет білдірді

Облыстың ауыл шаруашылығына инвестиция салуға чехиялықтар ниет білдірді

Облыстың ауыл шаруашылығына инвестиция салуға чехиялықтар ниет білдірдіАлматы қаласындағы «Қазақстан» қонақ үйінің Абай залында облыс әкімі Амандық Баталов Чехия Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі Мариан Юречкамен кездесті. Кездесуде  екі жақты экономикалық әріптестікті дамыту туралы мәселе сөз болды.

Кездесуге Қазақстандағы Чехия Республикасының Төтенше және өкілетті елшісі Элишка Жигова, Чехияның Құрметті консулы Ұзақбай Айтжанов және ТМД елдері бойынша Сауда-өнеркәсіптік палатасының директоры Франтишек Масопуста және облыс әкімінің орынбасары Серік Тұрдалиев қатысты.

Облыс басшы Амандық  Баталов шетелдіктерге Алматы облысының даму жағдайы, экономикалық мүмкіндіктері, агроөнеркәсіп кешеніндегі айтулы жобалар туралы баяндады. Чехия мемлекетімен іскерлік қарым-қатынас орнатып, екі ел арасындағы байланысты жандандыруға пейілді екенін атап өтті.

Өз кезегінде Чехия елінің Ауыл шаруашылығы министрі Мариан Юречка Қазақстанның, соның ішінде климаттық жағдайы, орналасуы жағынан зор қолайлы жағдайға ие Алматы облысының агроөнеркәсіп кешеніне инвестиция салуға ниет танытты. Министрдің айтуынша, Чехияда ет-сүт өнімдерімен қатар, сыра өңдеу жұмысы жандандырылған. Ал ауыл шаруашылығында тамшылатып суару технологиясының игілігін көріп отыр.

Осы сапарда Қазақстаннан құс фабрикасын салу мәселесін шешуге қадамдар жасалуда. Келешекте өндірісі мен өнеркәсібі өркен жайған Алматы облысына инвестиция салып, кәсіпкерлікте бірлескен маңызды жобаларды жүзеге асыратынына сенімділік білдірді.

Кездесуден кейін екі жақтың ресми өкілдері «Атакент» жәрмеңке орталығында ұйымдастырылған чехиялықтардың ауыл шаруашылығы көрмесіне қатысып, отандық өнім түрлерімен танысты. Онда 36 компанияның өнімі көпшілік назарына ұсынылды.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here