Домой Жаңалықтар Технология Huawei телефон қуатын 5 минутта 48%-ға жеткізуге болатын жаңа технология ұсынды

Huawei телефон қуатын 5 минутта 48%-ға жеткізуге болатын жаңа технология ұсынды

0
Huawei телефон қуатын 5 минутта 48%-ға жеткізуге болатын жаңа технология ұсынды

Смартфондар дәуірінің басты мәселелерінің бірі — батарея қуаты. Ірі компаниялар да осы мәселені шешу үшін жан жақты ізденісте. Qualcomm-ның Quick Charge 2.0 және Samsung-тың Adaptive Charging атты технологиялары 2000-3000 mAh батареяларды 2 сағаттан аз уақытта толтыра алады. Мысалы Galaxy Note5 100% толтырылу рекорды — 1 сағат 20 минут.

Ал жақында қытайлардың технология дәуі Huawei қарсыластары қызығарлық жаңа технология ұсынды. Бұл құралдың көмегімен 3000 mAh батареяны 5 минутта 48% толтыруға болады, ал толығымен толуы үшін 30 минут керек екен. Сонымен қатар бұл қуат толтырғыш литий-ион батареялардың тозуына жол бермейді екен. Яғни, батареялар бұрынғыларға қарағанда ұзақмерзімді қызмет етеді.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here