Домой Жаңалықтар Қоғам Қызылордада жаңа үй құрылыс комбинаты ашылмақ

Қызылордада жаңа үй құрылыс комбинаты ашылмақ

Қызылордада жаңа үй құрылыс комбинаты ашылмақ

52bc60d2cb4b9880f1b62e0a4961c7e8_LҚызылордада жаңа тұрғын үйдің өзіндік құны арзандауы мүмкін. Өйткені жуырда облыс орталығында құрылыс комбинаты ашылмақ.

Құны 1,5 миллиард теңгені құрайтын алып жоба «Өнімділік-2020» бағдарламасы бойынша жүзеге асуда. Жалпы биыл өңір экономикасын өрге сүйрер индустриалды-инновациялық 4 жоба сәтті жүзеге асты. Жыл соңына дейін тағы екеуін іске қосу көзделген. Нәтижесінде 300-дей жаңа жұмыс орны пайда болмақ.

Негізгі өндірістік бөлігі дайын болған үй құрылысы комбинаты германиялық технологияға негізделген. Құрылғы-қондырғылар алғашқы сынақтан сүрінбей өтті. Сыр бойында салынатын көпқабатты үйлердің қабырғасы мен жабындысы секілді түрлі бетон бұйымдары осы жерден шығарылады.

Тастан сарай салғызған комбинат жылына 35 мың шаршы метр тұрғын үй тұрғызуға қауқарлы. Қазір құрылыс басында 50-ден астам адам тер төгіп жүр. Жоба толық іске асқанда 70 адамға екі қолға бір күрек табылады. Ақмешіт атырабының құнарлы сазынан керамикалық кірпіш те өндірілуде. Өз жұмысын бірер ай бұрын бастаған зауыт алғашқы өнімін нарыққа шығарып үлгерді.

Үдемелі дамудың даңғыл жолына түскен Сыр елінде жалпы құны 142 миллиард теңгеден асатын 37 индустриалды-инновациялық жоба қолға алынған. Ағымдағы жылдың еншісінде сондай-ақ құрама жем зауыты мен жарықтандыру шамдарын шығаратын өндіріс орындары бар.

24.kz

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here