Бүгін Алматы облысының әкімі Амандық Баталов Алматыда Еуропалық Қайта құру және даму банкісінің Орта Азия және Түркия Республикасы бойынша атқарушы директоры Наталья Ханженковамен Талдықорған қаласына газ тарату жүйесінің құрылысын қаржыландыру жөнінде меморандумға қол қойды.
Келісім бойынша қалаішілік газ тарату жұмыстарына аталмыш банк 4,6 млрд. теңге бөлетін болды. Естеріңізге сала кетейін, қазіргі кезде «Алматы — Талдықорған» газ құбырының 210 шақырымы тартылды. Келесі жылы қалған 54 шақырымы аяқталмақ. Жалпы, жақын арада Талдықорған қаласы көгілдір отынмен қамтамасыз етілмек.