Алматылық кардиологтар мерекеге орай емделушілерге тарту ретінде, кардиология орталығында ашық есік күнін ұйымдастырды. Орталыққа келушілер келушілер тексерістен өтіп, қаланың үздік дәрігерлерінен кеңес алды.
«Халықты біз құлағдар еттік. Бір күнде 100-ден аса азамат келіп, тексерістен өтті. Бұл жерде денсаулығына байланысты кеңес алып қана қоймай, тексерістен де өте алады»,- деді Кардиология кафедрасының доценті Роза Әлмұхамбетова.