«Жұлдызды соғыстар: күштің оянуы» фильмі қазақша сөйледі. Астанада тың туындының тұсауы кесіліп, қалың көрерменге көрсетілді. Соңғы жылдары елімізде әйгілі голливудтық фильмдерді қазақ тіліне дубляждау қарқын алды.
Соңғы 4 жылда 13 кино мемлекеттік тілге аударылған. Ал бүгінгі жобаны жүзеге асыруға 25-тен аса актер атсалысып, басты кейіпкерлерді Шахмұрат Ордабаев, Сәуле Тұрдахунова, Жасұлан Байсалбеков пен Гүлназ Әуесбаевалар дыбыстады. Аталмыш жоба Алматы әкімдігі, «Нұр Отан» партиясы мен «Болашақ» қауымдастығының қолдауымен жарық көріп отыр. «Картинаны қазақша сөйлетудегі басты мақсат – қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейтіп, мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру», — дейді мамандар.