Қолыңнан іс келсе, табысқа кенелуге болады деп отыр ісмерлер.
Өйткені кейінгі кезде қолдан жасалған заттарға деген қызығушылық басым. Алматылық үй шаруасындағы әйелдер Handmade яғни, көлөнер туындыларын өз қолдарымен жасап, талайға үлгі болуда.
Алматылық жас аналар мен үй шаруасындағы келіншектер табыс көзін таптық деп отыр. Олар өз клубтарын құрып, шеберлік сағаттарын ұйымдастырып, қолдан шыққан дүниелерін саудалаумен айналысып келеді.
Валерия Кураж, суретші: — Олар алғашында шағын бұйымдарды бірінен соң бірін жасай бастады. Кейін кәдесыйлармен айналысып, тапсырыс та қабылдайтын жағдайға жетті. Яғни, үйде бала бағып қана қоймай, табыс табуда.
Жоғарғы оқу орнында білім алып, беделді мекемелерде еңбек еткен жандар бұған дейін ине ұстауды да дұрыс білмейтін едік деп отыр. Ал қазір тігін машинасын толыққанды игеріп алған.