Ақтауға аққулар келіп, Каспийдің еркелері теңіз жағалауын ерекше сәнге бөледі.
Қала тұрғындары да аққуларды көріп мәре-сәре. Алайда биыл құс төрелерінің саны жылдағыдан аз. Әдетте желтоқсаннан бастап Ақтауға аялдайтын олар биыл өз уақытынан кешігіп келген.
Әттеген-айы аққуларға нан бермеуді ескерткен экологтардың сөзіне халық құлақ асар емес.