«Қазіргінің жорғасы — баяғының волгасы» демекші, 90-ыншы жылдарға дейін қазақстандықтар үшін Волгадан артық автокөлік болмаған еді. Ал қазір жағдай басқа. Күні кеше машина таныстырылымы өтсе, ертесіңе сол машина елімізде жүреді. Қандай көлік болса да, бізге таңсық емес десек те, олардың кейбір маркаларының 35 жыл ішінде қалай өзгергенін қарап шығу қызық болар деген оймен суреттер топтамасын ұсынамыз.