Түрлі түсті қағаздан небір әдемі көйлектер жасауға болады. Сенбесеңіздер Лариса Стародубцеваның «Маусым кезі» сериясының топтамасымен танысып көріңіз. Ол киімдерді дайындау барысында ине-жіп қолданбай, тек қайшымен ғана жұмыс істейді.
Лариса Стародубцева заманауи жылтыр мұқабалы журналдармен бірлесіп жұмыс істейді. Халықаралық фэшн жобаларға қатысады.
Үнемі жайдары жүретін шебер жерлестерін таң қалдырудан шаршаған емес. Өзіңің сұлулық салонының ауласын біресе перизат бағына, біресе сыйқыллы әлемге, кейде қар патшалығына айналдырып жібереді. Ол көбіне костюмдер мен акссессуарлар жасайды.
Оның кағаздан жасалған киімдері атлас пен бархат матасындай көрінеді. Тек жаңбыр астында қалып қоймасаңыз болғаны. Стародубцева көне жапон техникасымен айналсады. Соның өзінде дайын сурттерді алмай, өзі қағаздан ойып жасайды. Оның «Маусым кезі» деп аталатын топтамасы әр мезгілдің табиғатынан сыр шертеді.