Домой Жаңалықтар Мәдениет Астанада итальяндық режиссердің «Мадам Баттерфляй» қойылымының премьерасы өтеді

Астанада итальяндық режиссердің «Мадам Баттерфляй» қойылымының премьерасы өтеді

Астанада итальяндық режиссердің «Мадам Баттерфляй» қойылымының премьерасы өтеді

Астанада итальяндық режиссердің «Мадам Баттерфляй» қойылымының премьерасы өтедіӘйгілі итальяндық режиссер Лоренцо Амато опера классикасының ең танымал туындыларының бірі — Дж. Пуччинидің «Мадам Баттерфляй» спектаклін қоюға бел буды. Тұсаукесер «Астана Опера» театрының Үлкен залында 15, 16 және 17 сәуірде өтеді.

Қойылымның музыкалық жетекшісі – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, атақты маэстро Алан Бөрібаев, қоюшы суретші – заманымыздың көрнекті сценографы Эцио Фриджерио (Италия), костюм суретшісі – «Оскар» сыйлығының иегері Франка Скуарчапино (Италия), жарық суретшісі – Винченцо Рапони (Италия), бас хормейстер – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ержан Дәуітов.

Аталған операның «Ла Скала» сахнасында өткен әлемдік тұсаукесеріне 112 жыл болды. Мадам Баттерфляй деп аталып кеткен Чио-Чио-санның тарихын біз жақсы білеміз: американдық лейтенантқа ғашық болған және оған көптен күткен ұл сыйлаған он бес жасар жапондық гейша, сүйіктісінің жасаған опасыздығын білгеннен кейін өзіне-өзі қол жұмсайды. Сыншылар өз дәстүрінен бас тартқан және соңында отбасы мен халқы бас тартқан қызды бүлікші деп атады.

Режиссер Лоренцо Амато «Мадам Баттерфляй» сияқты жауһар туындының жасы болмайды, музыканың қуаты мен драматургия уақыттан тыс қалады десе де, қойылым құрамы нақты дәуір: XX ғасырдың 40 жылдардағы американдық және жапондық мәдениет арасындағы қайшылықтың тым шиеленіскен кезін сипаттап шығаруды шешті.

«Көрерменнің операдағы салт-дәстүрге қатысты жағын көре білгені маңызды. Мен үшін «Мадам Баттерфляй» ұзақ рәсімді қамтиды: неке қию рәсімінен басталып, күту рәсімімен жалғасып, өлім рәсімімен аяқталады, — деп түсіндірді Лоренцо Амато.

Спектакль психологиялық мизансценалар мен әртістердің еліктіріп әкететін драмалық ойындарына қанық. Безендіру жұмысымен жұлдызды құрам айналысатындықтан, өте тамаша қойылым болатыны сөзсіз. Суретші Эцио Фриджерио сценографияны таза жапон нақышында әзірледі. Дәстүрлі үйлер – ағаштан, бамбуктан жасалған минкалар, ал үй іші сакура бұтақтарымен және суреттермен безендірілген. Франка Скуарчапино қойылымның костюмдерін: ашық түсті кимоно, оби (белдіктер), гэта (орындыққа ұқсаған, екі аяққа бірдей келе беретін жапон ағаш аяқ киімі) дайындады. Жақын күндері бұл киімдерді қазақстандық опера әншілері киіп көреді.

 «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрының репертуары кез келген көрерменді қуантады. Бүгін әйгілі итальяндық композитор Джузеппе Вердидің «Травиата» қойылымы көрсетіледі.

16-17 қаңтарда «Астана Опера» театрында «Баядерка» балеті көпшілік назарына ұсынылады. Аталған туындының премьерасы өткен жылы 25 желтоқсанда өткен болатын. Танымал итальяндық композитор Джакомо Пуччинидің «Тоска» операсы 21 қаңтарда көрерменге жол тартады.

Бұдан басқа, 27 қаңтарда «Астана Опера» театрында «Абай» операсының қойылымы, ал келесі күні камералық залда «Симфоника» циклінен В.А. Моцарттың 260 жылдығына арналған концерт көрсетіледі. Қаңтар айының соңында, 30 және 31 қаңтар күндері Үлкен залда Б. Асафьевтің «Бақшасарай субұрқағы» балеті қойылады.

astana.gov.kz

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here