Қытайдың Нанкин қаласындағы көшелердің бірінде атақты Мона Лизаның суреті пайда болды.
Бірақ, бұл жолы Леонардо да Винчидің әйгілі туындысын кәсіби суретші емес, үй-күйсіз жүрген қарт асфальттің бетіне салған болып шықты. Бұл үшін ол тек түрлі-түсті борларды қолданған.
Қарттың айтуынша, ол сурет салуды өз бетінше үйренген екен.
Күнделікті өмірде ол жұрттың садақа ретінде берген тиын-тебенін жұмсап, тіршілік ететін көрінеді. Қазір Мона Лизаның суретін қызықтау үшін халық Нанкиндегі көшеге көптеп келетін болған, деп жазады cri.cn.