Көпшілік адамдардың дұрыс тамақтанбауына оларды қызықтыратын зиянды азық-түліктердің көп болуы себеп деп ойлайды. Бірақ, ғалымдардың зерттеуінше, бұл барлық жағдайда олай емес, кейде оған ақша жетіспеушілігі де себеп болып жатады екен.
Соңғы зерттеулер көрсеткендей, адам тамаққа неғұрлым көп ақша жұмсаса, тамақтануының сапасы соғұрлым жақсы болады. Адамдар көкөністер мен жемістерді көбірек сатып алса, бұл олардың салмағының азаюына септігін тигізіп, сондай-ақ сусақ және жүрек-қантамыр ауруларына шалдығу қаупін төмендетеді.
«Біз тамақтануға жұмсалатын шығындар орташа алғанда 1,4 еуроға өскен жағдайда, адамдар бұрынғыдан күніне 74 грамм көкөніс және 52 грамм жемісті көбірек жеуге мүмкіндік алғанын көрдік», — дейді Барселонадағы Медициналық зерттеулер институтының маманы Гельмут Шредер (Helmut Schroder).
Ал егер адамдар орташа есеппен алғанда 6 центке аз шығындалса, бұл әдетте көкөністерді шамамен 120 грамға, жемістердің — 94 грамға аз жеуіне әкеп соғады. Бұл ретте еріктілер фаст-фуд пен нан-тоқаш өнімдерін жиі жей бастаған.
Осындай қорытындыны зерттеушілер 25-74 жас аралығындағы 2 181 еріктіден тұратын топқа бақылау жасау негізінде шығарған.