Домой Жаңалықтар Миллиардер атанған 5 бейбақ

Миллиардер атанған 5 бейбақ

Миллиардер атанған 5 бейбақ

24d497faafd2150ffaf8688f3ab0ae86Өз-өзіңді дамытуға арналған көптеген кітап бізді сәтсіздікке тап болған уақытты тығырыққа тірелу кезі деп емес, тағдырдың сыйы деп қабылдауға шақырады. Өйткені зор табысқа қол жеткізген миллиардер тұлғалардың өмірлік тәжірибесіндегі сондай сәт осы кеңестің айқын дәлелі болмақ.

bb953fc8487f61b2acdbe06964495dcdNick Woodman (Ник Вудман)

Бейнекамералар мен экстремалды спорт түрлеріне қажетті керек-жарақтарды шығаратын GoPro компаниясының негізін қалаушы. Қазіргі таңда оның байлығы $1,750,000,000-ге тең.

Бастапқыда ол EmpowerAll.com – электронды сауда-саттық сайтын құрастырады. Сайт арзан электроника сатумен айналысатын болады. Компания ешқандай табыс таппайды, сондықтан тез жабылып қалады. Бірақ болашақ миллиардер бұнымен тоқтамайды. 1999 жылы ол FunBug – интернет-маркетинг компаниясын құрады.

Компанияның сайтында қолданушылар тотализаторға қатысқандары үшін ақшалай сыйлық ұтып алу мүмкіндігіне ие болады. Ол тіпті түрлі инвесторларды тартып, $3,9 миллион қаржы табады. Компания жақсы дамып келе жатқанына қарамастан, 2001 жылы Ник тағы да сәтсіздікке ұрынғанын түсінеді. Ол бұл компанияның дұрыс жұмыс істеуін реттей алмайды, сол себепті құйған ақшасы мен инвесторлардың ақшасын да жоғалтып алады.

Екінші жобаны жоғалтып алғаннан кейін, Ник бәрін тастап серфингпен айналысады. Дәл сол кезде оған экстремалды спорт түрлеріне пайдаланылатын камера жасау идеясы келеді. Осылайша GoPro компаниясы құрылады.

7aaa8727e2001f223feb9baf2a0e5c53Bill Gates (Билл Гейтс)

Microsoft компаниясының негізін қалаушы және қазіргі таңдағы ең елеулі қайырымдылық қорының иесі. Қазіргі байлығы $72,700,000,000-қа тең.

Билл Гейтстің Traf-O-Data деп аталатын алғашқы компаниясының басты мақсаты қарқынды қозғалысты танитын жол жиегіндегі есептегіштің мағлұматтарын оқып, жол қызметкерлеріне есеп беру арқылы көлік кептелісін болдырмауды қамтамасыз ету еді. Бірақ құрылғы дұрыс жұмыс жасамайды.

Билл Гейтстің серіктесі Полл Аллен алғашқы жобаны былай деп еске алады: Traf-O-Data сәтті жоба бола алмады. Алайда бұл екі жылдан кейін Microsoft-ты құруға себепкер болды.

cc24eae1b3e92e56d1f5583eabd7b39cJames Dyson (Джеймс Дайсон)

Танымал ағылшын өнертапқышы, индустриялық дизайнер және Dyson компаниясының негізін қалаушы. Ол «теңіз жүк көлігі» деп аталатын арнайы кеменің, G-Force циклондық шаңсорғышының, сандық басқару электр қозғалтқышының, қол кептіргіш және т.б. құрылғылардың авторы. Қазіргі таңда оның байлығы$3,000,000,000-ге тең.

Көптеген адам ерекше құрал ойлап табу үшін өзгеге ұқсамайтын талант иесі болу керек деп ойлайды. Бірақ шын мәнінде ол тек қана тапжылмас еңбектің нәтижесі.

Мысалы, сэр Джеймс Дайсон 1993 жылы шаңсорғыштың ең озық моделін жасап шығар алдында 15 жыл бойы зертханада еңбектеніп, соған ұқсас 5 127 сәтсіз нұсқаларды дайындапты.

Сол кезеңді ол былай еске алады: Өнертапқыш өз идеясынан бас тартуына көптеген себеп табылады. Мен 15-ші үлгімді жасап жатқан уақытта үшінші балам дүниеге келді. 2627-шісіне келгенімде әйелім екеуміз әр тиынды санауға мәжбүр болдық. 3727-ші үлгіні жасап жатқанымда, қосымша ақша табу үшін әйелім суреттен сабақ бере бастады. Бұл өте қиын кезеңдер болды. Бірақ әр сәтсіздік мені мәселенің шешіміне жақындата түсті.

aeb77f3d400cb92e99acecf0004587bfSteve Jobs (Стив Джобс)

Біз Стив Джобсты кәсіпкерліктің шебері, қазіргі таңда ең көп сатылатын және сұранысқа ие iPod, iPad, iPhone және MacBook сияқты өнімдерді құрастырған данышпан деп білеміз. Ол қазіргі заман бизнесіндегі ірі тұлға және кейбір адамдар оны техно-дәуірдің Леонардо да Винчиі деп те атайды. Оның барлық табысы $10,200,000,000-ды құрайды.

Көп адам Apple компаниясының сәтті өнімдерін ғана біледі. Бірақ бұл фирманың ортаң қол, оғаш немесе шын мәнінде сәтсіз жобалары да болған. Lisa, Macintosh Portable, MessagePad, PowerBook Duo, Pippin – бұл атауларды естігенсіз бе? Бұлар компанияның аса сәтсіз жобалары, бір кездері бұл өнімдер компанияны тұңғиыққа батырып жіберуге шақ қалған. Соның нәтижесінде Джобс өзі басқарған компаниядан жұмыстан босатылады.

Дәл осы сәтсіздіктен кейін Джобс оған және оның компаниясына табыс әкелетін құрылғы жасауға бел буады. Стив Джобстың арманы көп ұзамай орныдалады.

8daa319e62f6b5cbd17d2333afd5ea46Richard Branson (Ричард Брэнсон)

Ричард Брэнсон сәтсіздікке көп ұрынған адам. Бірақ бұл оған әлемге танымал брендті жасауға кедергі келтірген жоқ.

Virgin атауы бизнестегі табысы арқылы ғана емес, Ричардың ерекше ойлау қабілеті мен шытырмандары арқылы танымал болды. Ричардтың жалпы табысы $4,600,000,000-ды құрайды.

Егер Сіз Брэнсонды оның жас кезінде көрсеңіз, бұл жігіттің табысқа жететініне мүлде сенбес едіңіз. Ол сабақты өте нашар оқыған,  ал 16 жасында мектепті мүлдем тастап кетеді.

Оның бизнес бастаудағы алғашқы қадамы – 16 жасында студенттік журнал шығару болатын. Бірақ құқық қорғау органдарымен мәселе туындайды. Ол журналға венерологиялық ауруларды емдейтін дәрілерді жарнамалағаны үшін түрмеге қамала жаздайды.

Бірақ Ричард мұнымен тоқтап қалмайды. 1971 жылы Брэнсонға Virgin дүкендерінде экспорттық тауалар ретінде мағлұмдалған жазбаларды сатты деген айып тағылып, түрмеге қамалады. Ол баж салығы мен өтемақыларды төлеймін деген келісіммен сот ісін реттейді. Брэнсонның анасы өндірілетін соманы төлеуге көмектесу үшін отбасылық үйін кепілдікке қояды.

Қайтпас қайсар жанкештіге өмір өзі қатал сабақ берді. «Мен бұдан былай түрмеге жапқызатын немесе күмәнді көрінетін бизнеспен айналыспаймын деп өзіме серт бердім» — дейді Брэнсон.

Қорытынды

Шындығы сол, әлемнің ең бай адамдарының тізімінде көріну үшін ара-тұра тәуекелге бару керек. Ал тәуекел — сәтсіздікпен көршілес. Әрине, бұл миллиардерлерге қарап: “Бұл жай ғана жолы болғыштық. Оларға көмектесті. Ата-анасы немесе сиқырлы күш қолдады” — дей салу оңай. Бірақ шындығында, әлемдегі 100 миллиардердің 73-і өз күшімен байығандар. Жалғыз ерекшелік: олар өзгелерден көп жұмыс істеді. Олар өзгелердің арманы болып жүргенді іске асырды. Және олар қиындыққа кездескен сәтте тоқтап қалған жоқ, керісінше алға ұмтылды. Олар сәтсіздіктен сабақ алып, оны табысқа айналдырды.

bilim-all.kz

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here