Домой Жаңалықтар Қоғам ҚТЖ электр қуатын үнемдеу бағдарламасын жүзеге асыруда

ҚТЖ электр қуатын үнемдеу бағдарламасын жүзеге асыруда

ҚТЖ электр қуатын үнемдеу бағдарламасын жүзеге асыруда

Screenshot_1Қазақстанның жүзге жуық теміржол станциясы электр қуатын үнемдейтін заманауи құрылғылармен жабдықталған.

Қазіргі кезде 11 588 диодты шамдар орнатылып, соның нәтижесінде 2015 жылы айына миллион кВт.сағат электр қуатын үнемдеуге қол жеткізді.

Жаңа шамдар станцияларды жарықтандыру сапасын көтереді. Ол арқылы мыңдаған вагондардың техникалық және коммерциялық жағдайын тексеру, жолаушылар және жүк пойыздарын дайындау мен жөнелту қызметтері атқарылады. Қайта жаңарту жұмыстарының нәтижесінде еліміздің ірі станциялары, мәселен, батыс өңірдегі Ақтөбе, Мақат, Маңғыстау станцияларында, солтүстік өңірдегі –Көкшетау, Құсмұрын, шығыстағы – Семей, Үштөбеде қуат көзін үнемдеуші жаңа қондырғыларды орнату жұмыстары аяқталған.

«Аталмыш жарық шамдары магистральдық желідегі станцияларды жарықтандырады. Олар электр қуатын үнемдеп қана қоймай, ауа райының қолайсыз кезеңдерінде де үзіліссіз жұмыс істейді. Әрі пайдалану мерзімі де ондаған жылдарға жетеді»,- дейді Ақтөбе электрмен жабдықтау дистанциясының директоры Сәкен Орынбаев.

Станциялар мен темір жол өтпелеріндегі, инфрақұрылым нысандарындағы сыртқы жарықтандыру қондырғыларын қайта жарақтандыру «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның технологиялық үдерістегі қуат үнемдеуін жақсарту бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда.

Ұлттық компания 2017 жылдың аяғына дейін жиырма мыңнан астам диодты шамдарды орнатуды жоспарлап отыр.

baq.kz

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here