Домой Жаңалықтар Пайдалы кеңестер Коко Шанельден 7 кеңес

Коко Шанельден 7 кеңес

Коко Шанельден 7 кеңес

56b84ea089790Сән әлемінде өзіндік орны бар Коко Шанельдің әдемі әрі әсерлі болу үшін қандай қағидаларды ұстанғанын білесіз бе? Ол сұлу көрініп қана қоймай, ерекше әсер қалдырудың да нағыз шебері болған. Ендеше, атақты сәнқойдың негізгі жеті ережесіне көз жүгіртелік.

1. Мінсіз белдемше тізені жауып тұруы керек

 Коко Шанель тізені әйел адамның денесіндегі ең «сұрықсызы» деп білген. Сондықтан оны белдемшенің етегімен, шалбармен әрдайым жауып жүріп керек деп ойлаған. Бүгінде етегі тізеден сәл төмен түсіп тұратын белдемшелер классика саналады.

1 (1)

2. Шалбар әйел адамға еркіндік сыйлайды

Өз кезінде Коко Шанель әйел адамдарға арнап шалбар тіккендердің алғашқыларының бірі болды. Ол ерлерге арналған шалбарларды өзіне ыңғайлап тігіп алып киетін. Шалбардың артықшылығы тез жүруге және отыруға өте ыңғайлы болды. Кейін Коко кешкі кездесулерге киюге кең балақты шалбарлар шығарды.

2 (1)

3. Аксессуарлар көп болуы керек

 Коко әшекейлерге өте қатты қызығатын. Сондықтан да әр киімін түрлі аксессуарлармен толықтыратын. Оның коллекциясында жақұт, гаухар, маржан сияқты қымбат тастармен қатар қарапайым бижутерия да болатын. Сондай-ақ сәнқой әдемі түйреуіштер де тағатын.

3

4. Қол бос болу үшін сөмкенің бауы болған жөн

30-жылдары Коконың шығарған ұзын баулы атақты сөмкелері іскер әйелдердің образын мінсіз толықтырып тұрды. Мұндай сөмкелер иыққа оңай асылып қана қоймай, сырғымай, орнықты тұратын және бастысы, қол бос болды.

4

5. Сәнді аяқкиім екі түсті болуы мүмкін

 Коко негізінен қара және ақ түстердің үйлесімімен жұмыс істейтін. Оның туындыларының көпшілігі осы екі түстен тұрады. Коконың қара тұмсықты ақ туфлилері классика саналады. Сәнқой қара түс табанның жалпақтығын визуальді кішірейтіп көрсетеді деп санады.

5

6. Шағын қара көйлектің құдіретін ұғыныңыздар

 Бұл – Коко Шанель стилінің негізгі қағидасы. Өйткені басқа емес, дәл Коко қара түсті «қайғы мен қасірет» ұғымынан арылтып, оны күнделікті киюге болатынын дәлелдеді. Шанельдің ойынша, кез келген қыз-келіншектің гардеробында дұрыс таңдалған аксессуарлармен күндіз де, түрлі кештерге де киетін шағын қара көйлек болуы керек.

6

7. Иіссу да — киім

 Коко Шанель гүлдердің хош иісімен атақты иіссу шығарған. Ол: «Иіссу – көзге көрінбейтін, бірақ ұмытылмайтын, ештеңеге теңеспейтін сәнді аксессуар. Ол әйел адамның келе жатқаны туралы хабар береді және әйел адам кетіп қалғанда да ол туралы еске салып тұрады» деген екен.

7

anabol.kz

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here