Әдемілік, сұлулық — жалпы әйел табиғатына тән нәрсе. Халқымыздың ақиық ақыны Мұхтар Шаханов ағамыз жырлағандай «әйел болып, сұлу болмау — қылмыспен тең».
Бұл әсіресе бойжетіп келе жатқан әрбір аруды ойландырады. Сондай бойжеткендерге ой салар, бір көмегі болар деген оймен сұлу болудың мына бір жолдарын біле жүріңіздер:
1. Ернім әдемі болсын десеңіз — тек жылы сөздер айту керек.
2. Көзім әдемі болсын десеңіз — адамдардың жақсы жақтарын көре біліңіз.
3. Сыртқы пішінім сымбатты болсын десеңіз — аш-жалаңаштармен тамағыңызды бөлісіңіз.
4. Шашым әдемі болсын десеңіз — күніне бір рет сәби саусақтарына сипатыңыз.
5. Өзіңізге сенімді болу үшін мына әлемде өзіңіздің жалғыз емес екеніңізді біліңіз.
Адам өзін сергек сезіну үшін өзін өзгелердің кешіргенін, мақтағанын, көтермелегенін, сүйгенін қалайды. Ендеше Сіз де біреуге қажетсіз. Өміріңізден ешкімді «лақтырып тастамаңыз».
Әйел затының әдемілігі оның киген киімінде немесе оның сымбатында һәм шаш үлгісінде де емес. Әйел әдемілігі — оның көздерінде, өйткені көз оның махаббатқа толы жүрегіне апарар бірден бір жол. Жасы ұлғайған сайын әйел адам тек әдемілене түседі.