Домой Жаңалықтар Спорт Г. Головкин: «Биылғы екінші кездесуімді Канелоға қарсы өткізуім мүмкін»

Г. Головкин: «Биылғы екінші кездесуімді Канелоға қарсы өткізуім мүмкін»

Г. Головкин: «Биылғы екінші кездесуімді Канелоға қарсы өткізуім мүмкін»

Г. Головкин: «Биылғы екінші кездесуімді Канелоға қарсы өткізуім мүмкін»Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин BoxingScene.com порталына берген сұхбатында 23 сәуірде өтетін Доминик Уэйдпен кездесуі жайлы және Сауль Альварес туралы да айта кетті.

«Альварес–ұлы чемпион. Бірақ оның менімен 155 фунтта бокстасқысы келеді дегені шындыққа жанаспайды. Ол қазір WBC тұжырымы бойынша әлем чемпионы. Ал мен орта салмақтағылардың ішінде негізгі үміткерлердің бірімін. Сауль менімен кездесуге дайын деп ойлаймын. Бәлкім осы жылғы екінші жекпе-жегім болып қалуы ғажап емес. Әзірге бар ойым Доминик Уэйдпен болатын кездесу», – деп бастады әңгімесін жерлесіміз.

 – Сонда «Канеломен» тек 160 фунтта кездесесіз ғой?

 –  Әлбетте жекпе-жек 160 фунтта өтеді. Ол орта салмақ бойынша чемпион. Сондықтан бірінші орта салмақта ешқандай кездесу болмайды.

 –  Доминик Уэйд рекордтары көз сүйсіндіреді. Бірақ сізде нокауттар саны көп. Бұл кездесу несімен қызықтырды?

 –  Мен үшін қызық жекпе-жек болғалы тұр. Біріншіден, бұл менің биылғы жылғы алғашқы кездесуім болады. Шаршы алаңды сағынып қалдым. Сондықтан бокстасуға деген мотивация өте жоғары.

 –  Сіздің жеке бапкеріңіз жылдың үздік жаттықтырушысы атанды.

 –  Бұл керемет жаңалық (күлді). Жанкүйерлерге, қолдаушыларға рахмет. Бұл Абель үшін қуанышты сәт болды. Мен оны қатты сыйлаймын.

 –  Көпшілік күтіп отырған Головкин – Альварес кездесуі жайлы не айтасыз?

 –  Бұл бокстағы үлкен жаңалық болар еді. Бізге де дәл солай. Қызықты кездесу болатыны сөзсіз.

 –  «Канелоны» нокаутқа жібересің бе?

 –  Бұл бокс (күлді).

Айта кетейік, Геннадий Головкин бүгін Лос-Анджелесте Доминиук Уэйдпен өтетін кездесу алдындағы алғашқы баспасөз конференциясына қатысқан болатын. Аталған жекпе-жек 23 сәуір күні Лос Анджелесте өтеді.

baq.kz

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here