ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Ауылдың өркендеуі – Қазақстанның өркендеуі» акциясы аясында 29 ақпан — 6 наурыз аралығында күн сайын «Думан» ойын-сауық орталығы алдында ауыл шаруашылық жәрмеңкелері өтеді, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Жәрмеңкеде Астана қаласының және Ақмола облысының жақын аудан тауар өндірушілері мен жеткізушілері өз өнімдерін ұсынады. Негізгі азық-түлік өнімдерінің түр-түрі, атап айтқанда картоп, пияз және көкөністердің басқа түрлері, сонымен қатар қышқыл сүт өнімдері, кондитерлік және макарон өнімдері сатылады.
Жәрмеңкеде ұсынылған тауарлардың бағасы қалалық базарлардағы бөлшек сауда бағаларынан төмен болады. Өткізілу уақыты таңғы 9:00-ден кешкі 18:00-ге дейін.