Тамақтану саласын зерделеп жүрген ғалымдардың сөзіне қарағанда, ерлер мен әйелдердің денедегі майдан арылу жолдары әр түрлі болып шыққан. Суррея университетінің ғалымдары осы бағытта бірқатар зерттеулер жүргізіп көрген екен.
Тәжірибеге 13 әйел мен 17 ер адам қатысқан. Бір ай бойы бақылауға алынған олар осы уақыт аралығында түрлі жаттығуларға барып, көп қимылдап, барынша белсенділік танытқан. Жаттығудан кейін ғалымдар оларға арнайы сусын беріп отырған. Оның біреуін калория атымен жоқ бірінші топқа берген, ал көміртегі молын екінші топқа ішкізген.
Жаттығудың алдында және соңында тәжірибеге қатысқандардың май деңгейін, салмағын, дене бітімін, қан құрамындағы қант деңгейін өлшеген.
Бір қызығы, ерлерге қарағанда әйелдер денесіндегі майдан тез арылған. Ал ерлер көміртегі мол сусынды қолданғанда тез арықтаған. Осы факторларды ескерген ғалымдар әйелдерге жаттығудың алдында, ал ерлерге жаттығудан кейін тамақтануға кеңес беріп отыр.