Домой Жаңалықтар Пайдалы кеңестер Өміріңізді жарқын ететін 6 қадам

Өміріңізді жарқын ететін 6 қадам

Өміріңізді жарқын ететін 6 қадам

Өміріңізді жарқын ететін 6 қадамӘйел – сұлулықтың символы. Үйде алба-жұлба болып, сыртқа шыққанда сықиып киініп алып, сәнденіп шығу дұрыс па? Біз сіздермен шығынға батырмайтын, әдетке айналдыруға тұрарлық 6 қадаммен бөлісеміз.

1. «Ерте тұрған әйелдің бір ісі артық». Таң сәріден бастаған іс несібелі болып, кеш батқанға дейін біраз шаруаны тындырып тастауға мүмкіндік бар. Ұйқы алдында мына шарттарды ескеріңіз:

* Күні бойы шаршағанша жұмыс жасасаңыз, кеш бата салысымен көзіңіз іліне бастайды.

* Су күні бойы шаршаған жүйкеңізді демалтады. Жатар алдында шомылып алсаңыз, босаңсып қаласыз.

* Дәрігерлердің айтуынша, оң жаққа қарап, тізеңізді сәл бүгіп жатқан дұрыс. Қан айналымына пайдалы, ұйқыңыз да тыныш болады. Ерте тұру үшін не істеу керек?

* Жастыққа басыңызды қояр алдында ертерек тұрамын деп ішкі түйсігіңізді дайындаңыз.

* Оятқышты алыс жерге қою керек. Шиқылдап мазаңызды алған соң, өшіремін дегеніңізше ұйқыңыз да ашылады.

* Үйіңізде ерте тұратын адамға оятуды айтпаңыз. Себебі, сол кісіге сеніп қалуыңыз әбден мүмкін.

* Көзіңізді аша салысымен салқын су ішіп алыңыз.

* Таңертеңгілік жаттығуларды ұмытпағайсыз. Жақсы әдет өмірлік ұстанымға айналады емес пе?!

2. «Адам көркі – шүберек» екені рас. Тозығы жеткен киім үйге жарай береді дегенді ұмытқан дұрыс. Өзіңізді жақсы көріңіз. Өзге үшін сәнденіп жүрудің қажеті жоқ. Ең алдымен, бойыңызды сенімдірек ұстау үшін, күтініп жүргеніңіз абзал.

3. «Шаштарын он күн тарап, бес күн өрген» қазақ қыздарының сипаттамасына сай боламын десеңіз, бұрымыңызды күтіңіз.

4. «Бояушы, бояушы дегенге сақалын бояпты» дегендей, жүзіңізді ретке келтіремін деп асыра сілтеп алмаңыз.

5. «Қыз қылығымен — сүйкімді». Әрдайым жүзіңіз нұрланып жүру үшін, күлімсіреп жүріңіз. Жұбайыңызға еркелеуді ұмытып кетпеңіз. Тұла бойыңыз мейірімділік пен сүйіспеншілікке толы болса, сізге де көңіл бөлінетін болады.

6. «Жақсыға берсең асыңды, жақсы сыйлар басыңды». Дәмді ас әзірлеп, мәдениетті түрде ұсына білсеңіз, тағамыңыз одан да тәттірек бола түседі. Сонда жанұя мүшелері өздерін дәмханада отырғандай сезінеді. Мақтау сөз естіп, марқайып қаласыз. «Қызым үйде, қылығы түзде» дегізбес үшін, үй мен түзде ұстанатын дағдылар бірдей болса керек-ті.

ayelbaqt.kz

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here