Домой Жаңалықтар Пайдалы кеңестер Қал мен меңнің құпиясы

Қал мен меңнің құпиясы

Қал мен меңнің құпиясы

Қал мен меңнің құпиясыАта-бабамыз бойында қалы бар ұл баланы бақытты санап, Қалдыбай, Қалдыбек, Қалжан, Қалтай деп атаса, меңі бар қызды Меңтай, Меңдіқыз, Меңдігүл, Меңсұлу, Қалдыкүл деп атаған. Бір қызығы, күндіз туған балада көбірек кездеседі екен.

Үнділердің ежелгі түсінігінде маңдайдың қақ ортасындағы қалын «үшінші көз» деп атап, көріпкелдік қасиеті бар деп есептеген. Бойындағы қасиеті ашылмаса, есі ауысқан деп санаған.

Ақындар жырға, жазушылар әңгімелеріне, сазгерлерлер әніне қалы бар қыздарды арқау еткен. Жұматай Жақыпбаевтың музасы «тарыдай меңі бар қыз» болғаны баршамызға аян. Жас ақын Мұқағали Сейітқазы бір өлеңінде:

«Қалы бар қыз!..

Кездесуді күтіп ертең сарылармыз.

Сенемін, бір күндері іздеп мені,

Әп-әдемі қалы бар сағынар қыз».

Мең мен қалдың айырмашылығын білесіз бе?

Мең – өспейтін, белгілі бір жағдайларда ғана көбейетін денедегі таңба. Әсіресе кәмелетке толар шақта, жүктілік кезінде, жас ұлғайған сәтте молая түседі.

Қал – айдың өзгерісіне қарай өсе түседі. Кейбірінде ұлғаймайды.

Екеуінің де туа бітетін, жүре пайда болатын түрлері болады.

Ғұлама ғалым, шипагер Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы «Шипагерлік баян» кітабында әсіресе балаларға тіл-көз қалы бар жандардан тиетінін айтады. «Көз сұғы бар адамның көзі ішінде не маңайында қара қал не меңдіме аз көрігі болмақ. Оның көз қарашығы жалынды, қаруы сұқты, өткір. Жанары қара болмақ. Тіл сұғы барлардың ауыз айналасы, ерін-ұрт маңында меңдіме не қал болмақ. Тілінде, өте-мөте өзектік тілінде теңбіл не қалсүрей болмақ», — дейді («Ш.Б», «Жалын». 1996 ж. 146-бет). Көзінің ішінде қалы бар адамдар сұқтана қараса, сәбилер бірден сұлық түсіп, ауырып қалады екен.

Петр I, Александр Меньшиков, Горбачевтың маңдайында қалы болған. Көбіне мұндай таңбасы бар жандар саясаткер, дипломат болатын көрінеді.

Қасында меңі бар жандар өз пікірін бетпе-бет айтқанды жөн санайды. Арманшыл болып келгендіктен, өмірлік көзқарасын жиі өзгертеді. Эмоциональды болғандықтан, жүрегі тез жараланғыш келеді. Бай әрі бақытты болады.

ayelbaqt.kz

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here