Домой Жаңалықтар Қоғам 1 мамырда «Алау» мұз айдыны сарайында жазғы маусым ашылады

1 мамырда «Алау» мұз айдыны сарайында жазғы маусым ашылады

1 мамырда «Алау» мұз айдыны сарайында жазғы маусым ашылады

1 мамырда «Алау» мұз айдыны сарайында жазғы маусым ашылады1 мамырда жазда белсенді демалуға лайықты орындардың бірі «Алау» мұз айдыны сарайы жазғы спорт орталығы форматында жұмыс істеуге көшеді. Келушілер ролик теуіп, үстел теннисін және бадминтон ойнап, уақыттарын көңілді өткізе алады. Ал жазда коньки тепкісі келетін жандар үшін орталық аумағында арнайы корт жасалмақ, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі. 

Жазғы спорт орталығы сейсенбі-жексенбі күндері жұмыс істеп, дүйсенбі күні демалады. Бірінші сессия сағат 10.00-13.00, екінші сессия сағат 14.00-17.00, ал үшінші сессия сағат 18.00-21.00 дейін жалғасады.

«Алау» мұз айдыны сарайына келушілерге ұзындығы 400 метрлік бірегей роликодром, теннис үстелдері мен бадминтон ойнауға арналған алаңдар ұсынылады. Сонымен қатар, алаң аумағында жағажай волейболын, футбол мен шағын-гольф ойнауға болады.

1 мамырда «Алау» сарайында ашық есік күні өтеді. Орталық сағат 10.00-13.00 аралығында жұмыс істейді.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here